Abu Dhabi Plaza құрылысы жыл аяғына дейін бітеді. Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Abu Dhabi Plaza» нысанында қазір құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Орындалған жұмыстың жалпы көлемі – 97%-дан асады. 2021 жылдың соңына дейін сыртқы жұмыстарды (қасбет және конструкция) толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары ары қарай да жалғаса береді», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Abu Dhabi Plaza құрылысының жобасы 6 блоктан тұрады.
Қазіргі уақытта пайдалануға берілгендері:
• 2019 жылдың желтоқсанында – P блогы ("Абу-Даби Mall" сауда және ойын-сауық орталығы);
• 2020 жылдың наурызында – Н1 блогы (14 қабатты Sheraton қонақүйі). 2020 жылы 12 қарашада Abu Dhabi Plaza Н2 блогы;
• Z блогы пайдалануға берілді (тұрғын үй блогы).
Еске салсақ, «Abu Dhabi Plaza» - Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен.