30 қаң, 2017 сағат 16:55

Әбілязовтар мен туралы жалған ақпарат таратып жүр - Жарымбетов

- Бүгін «БТА Банкі» АҚ-ның басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, өзіне қатысты таралып жатқан алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтардың 17-сі күні Түркияның шекара қызметі оны жалған төлқұжатпен жүргені үшін ұстаған болатын. «Полиция учаскесінде отырғанда мен өзімнің шын аты-жөнімді айттым. Сосын Ыстанбұлдағы Қазақстанның ресми өкілділігіне xабарласуды өтіндім. Сөйтіп, қаңтардың 20-сы күні мені Қазақстанға экстрадициялады. Ертесінде мені тергеу абақтысына қамады. Осы уақытқа дейін сонда болдым. Маған ешқандай зорлық-зомбылық пен қысымның жасалмағанын мәлімдегім келіп отыр. Себебі кейбір үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау бірлестіктері мүлдем басқа ақпарат таратып «мені қиын жағдайға тап болды» деп xабарлады. Тіпті, «менің өміріме қауіп төніп тұр» деген әңгіме таратты. Осы ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Менің ісіме саясаттың ешбір қатысы жоқ», - деді Жарымбетов.

Оның сөзіне қарағанда, ол әлі күнге дейін «БТА Банк»  ісі бойынша күдікті болып саналады. «Әрине, кейбір адамдар, олардың ішінде Әбіләзов та бар, осыны өз мүддесі үшін пайдаланғысы келіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына жалған мәліметтерді салып жатыр. Мен тағы да айтамын, бұл жерде саясаттың ешбір қатысы жоқ. Тергеу абақтысында отырып, маған ешқандай қысым жасалмады. Мен туған-туыстарыммен емін-еркін кездесіп жүрдім. Қазір маған қатысты ешқайда шықпау туралы шара қолданылып, қолxат алынды. Жақын арада отбасыммен қауышамын. Шынымды айтсам, осы қадамға бұрын бару керек еді», - деп атап көрсетті Жарымбетов.

Оның қорғаушысы Өзтеміров аталған іске қатысты сот өндірісінің Алматы қаласында өтететініне сенім білдіріп отыр. Себебі аталған қылмыстық  іс сол жерде қозғалған болатын.