10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген еді. Бұл торқалы той – сол тамаша дәстүрдің жалғасы.
Ендеше, "Ұлт порталы" осы мерейлі күнде Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай түсірілген рухани-танымдық деректі фильмді ел назарына ұсынбақ. Мархабат!