Фото: Ашық дереккөз
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 15 ақпанында Астана уақытымен 06 сағат 52 минутта жер сілкінісі тіркеді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің ошағы Ресей Федерациясының аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан аумағындағы болжамды қарқындылық (балмен есептегенде):
Шығыс Қазақстан облысы
Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен-Нарын, Алтай (Зырян), Боран, Зайсан, Күршім, Самара – 3 балл, Риддер (Лениногорск) – 2 балл.
Абай облысы
Семей, Аягөз, Көкпекті, Ақсуат, Қалбатау, Бородулиха, Жоламан, Мақаншы, Үржар, Бесқарағай, Қараауыл – 2 балл.