10 жел, 2024 сағат 17:04

Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды


Фото: Голос народа

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.

Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.