Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің бір бөлігі әлеуметтік маңызы жоғары инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталуда, деп хабарлайды Ult.kz.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салу үшін 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Қазіргі таңда өңірде 21 жоба іске асуда, оның жетеуі Семей қаласында орналасқан. Сондай-ақ, Бородулиха, Үржар және Абай аудандарындағы ауылдарға да су құбыры желілері жүргізілмек.
Бұл бастама тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмасына сай инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Барлық нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазір Семейде сумен қамту көрсеткіші 95,5%-ды, облыс ауылдарында 95%-ды құрайды.
