Фото: ашық дереккөз
Абай облысында «Damu Bala» платформасы арқылы балалар шығармашылығы мен спорттық секцияларды дамытуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
ҚМА дерегінше, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры сабақтарға қатыспаған балаларды қатысушы ретінде тіркеп, жалған есеп берген. Кейбір балалар тіпті бағдарламаға қатысқаны туралы мүлдем білмеген.
Соның нәтижесінде мемлекетке 23 млн теңге залал келтірілген. Тергеу кезінде бұл қаражат толық қайтарылды.
Сот үкімімен мектеп директоры 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
