Петропавл полицейлері 1 қаңтар күні әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан құқық бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.
"Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген хабарламада.