22 мау, 2021 сағат 14:32

Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО


Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген. 

1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданы Сегізбай ауылындағы Тасбұлақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастады. 

1991-1993 жылдары осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды. 

1993-1994 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі. 

1994 жылдан 2007 жылға дейін Тасбұлақ орта мектебі директоры қызметін атқарған. 

2007-2009 жылдары Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округіне қарасты Сегізбай ауылының әкімі болды. 

2009-2013 жылдары Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы. 

2013-2017 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.