19 шіл, 2019 сағат 15:34

#Abai175: Фанаттар эстафетаны Димаштың ата-анасына жолдады

Димаштың фанаттары Абай өлеңдерін қазақ тілінде оқып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің әр түкпіріндегі фанаттар Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты өлеңін жатқа оқыды.

Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Димаштың ата-анасы Қанат-Света Айтбаевтарға, дирижер Михаил Котельниковқа, әнші Анита Цой мен актер Санжар Мәдиге, Германиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Кәріповке жолдады. 

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын. Ал әнші өз фанаттарына кезек берді.