Фото: Pexels.com
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері Грузиядан экстрадициялды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол 2021 жылдың желтоқсан айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде көліктердің кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге пара алған.
Сот бұрынғы қызметкерді мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп пара сомасы өндірілді.