Қызылордада полицейлер 10 жыл бұрын фирмадан 74,5 миллион теңгеден аса қаражат ұрлады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Портал мәліметінше, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді.
Қостанай облысының 56 жастағы тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған.
Кейін бұл оқиға бойынша арнайы іздестіру шаралары жүргізілді.
Портал мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың ақпанында күдікті сыбайласымен бірге жалған келісімшарт негізінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңге көлемінде ақшаны банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен.
Іздестіру шараларының нәтижесінде, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынды.
739 рет оқылды