24 қаз, 2018 сағат 11:25

7-20-25: Борышкерлердің 60 пайызының ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеге жетпейді

7-20-25 бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігінің төлемі айына 100 мың теңгеге жетпейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

«Баспана» ипотекалық ұйымы мамандар есебінше займ алушылардың 60% ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді.

Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша займ алушылардың 6% ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн теңге, басқа аймақтарда 12 млн). Займ басым бөлігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада несие рәсімдеген.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда 7-20-25 ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар жалпы жиныны 44,5 млрд теңгенің несиесіне өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд теңге болатын 2 513 өтінімді мақұлдаған.