13 қаң, 2020 сағат 08:21

6 жасар баласына Gelandewagen тізгінін берген алматылық жазаланды

https://www.youtube.com/watch?time_continue=32&v=HmvluQBrWts&feature=emb_logo

Алматыда 6 жасар баласына Merсedes Gelandewagen тізгінін берген ер адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл құқықбұзушылық әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Көп ұзамай видео танымал аккаунттарда таралып кетті.

Видеода 6 жасар ұл бала Merсedes Gelandewagen рөліне жайғасып көлікті жүргізіп кеткен.

«Бала көлікті оқыту полигонында айдаған болуы мүмкін. Бірақ солай болған күннің өзінде бұл - бала үшін өте қауіпті. Әкесі оны түсінуі керек болатын. Сондықтан әкесіне қатысты ҚР ӘқбК 612-бабының 5-бөлімімен (жүргізуге құқығы жоқ тұлғаға көлік рөлін беру) әкімшілік іс қозғалды», - деді қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мақсатында жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.