5G технологиясына көшкен кезде байланыс тарифі көтерілмейді.
Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біріншіден 5G енгізу үшін Үкіметтен ақша бөлінбейді. Өйткені, бұл жеке операторлардың жұмысы. Екіншіден, 5G технологиясы қымбат болғандықтан ең алдымен қалаларда енгіземіз. техникалық жабдықтарын компаниялармен ақылдасамыз. Қазіргі таңда дүниежүзінде де 5G тек қана қалаларда енгізіліп жатыр. Бірақ, болашақта мүмкіндік болып жатса шағын елді мекендерге де енгізу жағын қарастырамыз»,- деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол 4G-ден 5G технологиясын көшкен кездегі байланыс тарифтеріне қатысты сауалға да жауап берді.
«Тарифтерге қатысты айтар болсам, 3G-ден -ден 4G-ге ауысқан кезде байланыс құнын өзгерткен жоқпыз. Алдағы уақытта да дәл осындай жұмыс жүргізіледі. 5G-ге көшкен кезде тарифтерді көтермейміз», - деді Асқар Жұмағалиев.