27 қар, 2020 сағат 09:42

55 жастағы Тараз тұрғыны табиғи газдан уланып көз жұмды

Таразда пешті пайдалану ережесін бұзған ер адам иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

1965 жылы туған азаматтың мәйітін туыстары Тараз қаласындағы жеке үйдің қонақ бөлмесіндегі диван үстінен тапқан. 

Жамбыл облысы ТЖ департаментінің кезекші қызметіне хабарлама түсе салысымен оқиға орнына ТЖД 2 қызметкері, сондай-ақ полиция департаменті мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері аттанған. 

«Ер адамның өлімінің алдын ала себебі - пешті пайдалану ережелерін бұзу салдарынан табиғи газдан улану (желдету камерасы мен тартқыш жоқ). Қажетті сарапатамалар тағайындалды» делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 25 адам газдан уланып, 7 адам қаза болды.