04 мау, 2025 сағат 11:56

5 облыста қызмет жасайды: Еліміздегі күзет мекемесі қылмыспен айналысатын болып шықты

Фото: ҰҚК

ҚР ІІМ мәлімдегендей, Алматыда ҰҚК мен полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу барысында бұл топ ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлеріне қысым көрсетіп, нысандарды күшпен басып алып отырғаны анықталды. Кейін бұл жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүргізген.

Қылмыстық топ Алматы қаласы мен бірнеше облыста әрекет еткен: Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы. Барлығы 20 адам ұсталды, 40-тан астам тінту жүргізіліп, 7 атыс қаруы мен 100-ден аса оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі таңда бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетімен билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Топ жетекшісі мен мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу бойынша тергеу басталды.