26 сәу, 2025 сағат 19:19

405 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

Фото: видеодан скриншот

Қазақстан полициясы жүргізген арнайы операциялар барысында 405 миллион теңгеге бағаланатын есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сәуір айында республика бойынша сәтті операциялар өткізілді. Синтетикалық есірткіні сату бойынша 37 және сақтау бойынша тағы 37 дерек тіркелді. Заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, олардың қара нарықтағы құны 405 миллион теңгені құрайды», - делінген хабарламада.


Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 29 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.