13 қаң, 2021 сағат 22:15

33 градус аяз: Ақмола облысында 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды

Қатты аяздан Ақмола облысында 1-11 сынып оқушыларына мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

112 құтқару қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, 14 қаңтар, бейсенбі күні Ақмола облысында -33 градусқа дейін қатты аяз болады. 

«Осыған байланысты 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Ақмола облыстық білім басқармасы мұндай жағдайда балалардың қашықтан оқу форматымен білім алатынын хабарлады.