Фото: stan.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ш. Арынов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр.
"Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді . Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.