#
#
Сейсенбі 22/09/2020

3 тамыздан бастап CTS компаниясының кассалары толық жұмыс кестесіне көшеді

  • 02.08.2020
  • 0
  • 184

3 тамыздан бастап елордадағы бірқатар касса толық жұмыс кестесімен жұмыс жасайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«CTS компаниясының орталық кассасы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Жексенбі - демалыс күні. «Өркен» бизнес орталығы сағат 10:00-20:00 аралығында демалыссыз жұмыс істейді. 14:00-15:00 - үзіліс уақыты. Цирк 10:00-20:00 аралығында демалыссыз жұмыс істейді. Үзіліс уақыты - 14:00-15:00 аралығы», - деп жазылған 

CTS орталық кассасының хабарламасында.

«Гранд Астана» сағат 09:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Үзіліс уақыты - 14:00-15:00 аралығы.

«Нұр-Сұлтан-1» теміржол көлігі вокзалы сағат 10:00-20:00 аралығында демалыссыз жұмыс істейді. Үзіліс уақыты - 14:00-15:00 аралығы. «Нұр-Сұлтан-2» теміржол вокзалы сағат 08:00-18:00 аралығында демалыссыз жұмыс істейді. Үзіліс уақыты - 13:00-14:00 аралығы», - делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар