12 қаң, 2021 сағат 12:21

3 шақалақ ауруханаға тікұшақпен жеткізілді - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары 3 шақалақ пен 2 ересек адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақжар мен Ақсуат ауылдарынан жаңа туған 3 шақалақ, Катонқарағай ауданынан әйел және Алтай қаласынан ер адам тікұшақпен Өскемен қаласына жеткізілді. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуі тиіс болған.

«Жедел әрекет ету үшін «Eurоcopter-145» тікұшағының ұшқыштары күн жарық кезде пациенттерді алып Өскеменге жетуі керек еді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, соңғы күндері өңірде қолайсыз метеожағдай қалыптасқан. Бірақ соған қарамастан ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Игорь Мухин мен Илья Точай азаматтарды жедел жеткізіп тастады.