12 сәу, 2025 сағат 14:50

3 градус аяз күтіледі: Бүгінгі ауа рай болжамы қандай


Фото: inbusiness.kz


Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болып, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Елдің солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.


Тек республиканың батысында, шығысында күн жауын-шашынсыз болады.


ҚР бойынша жел күшейеді, елдің батысында, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде бұршақ жауады.


Түнде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысында 3 градус аяз күтіледі.