29 шіл, 2025 сағат 11:23

29 шілдеге Қазақстанның ірі қалаларына ауа райы болжамы


Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжамы бойынша 29 шілдеде Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа температурасы жоғары,  күн өте ыстық болады, деп хабарлайды Ult.kz.

Астанада бүгін бұлтты, кейде найзағай, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +22°C, ал түнде +16°C.

Алматыда күн ыстық, найзағай мен жаңбыр болуы ықтимал. Күндіз +31...+33°C шамасында ыстық болады, ал түнде +19...+21°C болады деп күтілуде.

Шымкент қаласында күн ашық, ауа температурасы жоғары. Күндіз +34...+36°C ауа температурасы күтілсе, түнде +21...+23°C көрсетеді.

Қарағандыда ауа температурасы жайлы, жаңбырсыз. Ауа температурасы күндіз +24...+25°C болса, түнде +18°C күтілуде.

Павлодарда түсте жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ кешке бірқалыпты ауа райы күтіледі. Күндіз +29...+31°C, ал түнде +16°C күтіледі.

Ақтөбе қаласында таңертең жаңбыр жауса, кейін тұман түсуі мүмкін, алайда күн жылы болмақ. Ауа температурасы күндіз +24...+26°C көрсетеді, ал түнде +15...+16°C төмендеуі мүмкін.

Тараз қаласында күн ашық, қатты ыстық және найзағай болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +32...+33°C болса, ал түнде +23 болмақ.

Өскемен қаласында да күн ысиды деп күтілуде, кейде жаңбыр және найзағай ықтимал. Күндіз ауа температурасы +33...+35°C, ал түнде +20...+22°C болуы мүмкін.

Қызылордада жауынсыз, ашық аспан. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C болады, ал түнде +17...+19°C көрсетеді.

Семейде бүгін жаңбырсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +33...+35°C, ал түнде +21...+23°C болмақ.

Талдықорғанда да күн ысиды, бірақ найзағай мен жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C болса, түнде +18...+20°C күтіледі.

Түркістанда аптап ыстық, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +35...+37°C, ал түнде +21...+23°C болуы мүмкін.