30 қар, 2020 сағат 05:40

29 қарашада коронавирустан 7 адам қайтыс болды

29 қарашада Қазақстанда 43 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 41 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрі бойынша адам өлімі тіркелмеді.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 42 147 адамға жеткен, 30 535-і жазылған, 443 адам қайтыс болған.

Жексенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2034 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болғанын айтады.

Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 173 806 адамға жеткен. 

Қазір коронавирус инфекциясынан – 13 мың адам, коронавирус пневмониясынан 11 мыңға жуық адам емделіп жатыр.

Олардың арасында 905 бала бар. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 222 адамның жағдайы – ауыр, 31 адамның халі – өте ауыр, 33 адам тыныс алу аппаратына қосылған.