03 мам, 2022 сағат 15:27

288 қылмыстық іс сотқа жолданды - қаңтар оқиғасы


ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін хабарланғандай, тергеудің аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі уақытта, сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында, Алматы облысы – 49, Жамбыл – 10, Шымкент қаласында – 9, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Ақмола – 2 және Атырау облысында – 1», - деді Бас Прокуратура өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. 

Оның айтуынша, аталған істер негізінде 275 адам сотталған.

«Оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды», - деді Елдос Қилымжанов.