Елордада 27 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты.
Дүйсенбі, 28 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады.
Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.