20 сәу, 2021 сағат 13:12

26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқармақ

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Вдоемстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:

20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс

- Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс

- Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс

- Алматы – Анталья, 5 рейс

- Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс

- Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс

- Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.

«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.