#
#
Сейсенбі 26/01/2021

2025 жылға дейін Түркістан облысы газбен 99 пайыз қамтылады - Шөкеев

  • 24.11.2020
  • 0
  • 143

2025 жылға дейін Түркістан облысы елді мекендерінің 99 пайызы газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі таңда облыстың 1 млн 152 мың тұрғыны бар елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл 43 нысанның құрылысы жүрді. Оның 20-сы аяқталды, 23-і келесі жылға өтпелі. Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары бар. Сол жоспарда 2025 жылға дейін елді мекендерді 99 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Келесі жылға Энергетика министрлігімен бірлесіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. 4,3 млрд теңгеге 7 нысанды газдандыру қарастырылған. Тағы 52 нысанды газдандыруға дайынбыз. Сондықтан бұл құрылыстарды бастауға тағы қаржы керек болады. Оған қосымша өтінім жасаймыз», - деді облыс басшысы. 

Сонымен қатар ол өңірдегі газ құбырлары «ҚазТрансГаз» АҚ-қа сенімгерлік басқаруға беріліп жатқанын айтты. 

«Қазіргі уақытта құрылысы біткен 298 нысанның 110-ы қазан айында сенімгерлік басқаруға беруге дайын болған еді. Оның 30 берілді. Бүгінде 140 нысан дайын тұр. Қалған 84 нысан проблемалы болатын. Жылдың соңына дейін олардың құжаттарын дайындап береміз. Энергетика министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Тапсырманы орындауға толық мүмкіншілік бар», - деді Өмірзақ Шөкеев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар