Фото: almaty.gov.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында қаланы жарықтандырудың шебер жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жоба барлық аудан мен негізгі бағытты қамтиды. Мақсат – қауіпсіздік пен энергия үнемдеу бойынша заманауи стандарттарға сай бірыңғай жарықтандыру жүйесін қалыптастыру.
Құжатта көше мен қоғамдық кеңістіктерді кезең-кезеңімен жарықтандыру, сәулеттік және іс-шаралық жарықтандыруды дамыту, жарық ластануын азайту және сыртқы жарықтандыру «ақылды қала» жүйесіне біріктіру көзделген.
«Жобаның жүзеге асуын өзім жіті бақылауға аламын. Кешкісін нысандарды аралап көремін, — деді әкім.
2025 жылдың соңына дейін қаланың барлық көшесін толық жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттырып, қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне септігін тигізбек.
