09 мау, 2022 сағат 16:27

2022 жылы күзде президент сайлауы өте ме - Әшімбаевтың жауабы

Фото: Tengrinews.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанда күзде президент сайлауы өтеді деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ол қауесет, бос сөз деп ойлаймын. Бүгінде саяси реформаларды жалғастыру міндеті тұр, заң қабылдап, партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, жаңа адамдар келуі керек. Көп жұмыс күтіп тұр", - деді Әшімбаев. 

Ол заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтетінін, бәрі заң бойынша өтетінін атап өтті. 

Айта кетейік, Қазақстанда президент сайлауы 2019 жылы өткен болатын. Қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинаған.