28 нау, 2022 сағат 19:06

2020 жылғы Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды


Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын сынақтан өткізді. Тексеріс барысында допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткендер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Допинг анықталған спортшылар арасында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сон да бар. Толық тізім мынадай:

  1. Абылай Әуелханов.
  2. Игорь Сон.
  3. Юлия Протасова.
  4. Руфина Шалқарова.
  5. Алексей Дроздов.
  6. Матвей Макрушин.


Аталған барлық спортшы - Алматы облысының өкілдері. Тексеріс 2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында жарыстан тыс допинг-бақылау шеңберінде жүргізілген.

"ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға тергеу жүргізуге ниетті", - делінген хабарламада.