Назарбаев Университет жетекшілігі Гонконг студенттерін грантпен оқыту мүмкіндігін қарастыруда, ал 2020 жылға қарай ЖОО-дағы шетелдік студенттер санын 20% дейін жеткізу жоспарланған.
Бұл туралы Гонконг политехникалық университетінде өткен «Бір белдеу - бір жол» қолдау ісінде әлеуетті нығайтуға және таланттарды көмек көрсетуге бағытталған конференцияда Назарбаев Университеттің какдемиялық істер бойынша вице-провосты Лоретта О'Доннелл мәлім етті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Бір белдеу - бір жолдың» негізі білім, жорамалдарды тексеру және бізді біріктіретін ортақ дүниелерді табу. Бизнес саласында, интеллектуалды және зерттеу саласында мүмкіндіктер ашылуда», - деген Лоретта О'Доннеллдің сөзін келтіреді «South China Morning Post» (SCMP) басылымы «Қазақстандық университет «Бір белдеу - бір жол» аясында гонконгтік студенттерге стипендиялар ұсынуы мүмкін» деген мақаласында.
О'Доннеллдің айтуынша, Гонконг қазақстандық студенттерге стипендиялық бағдарламалар ұсынады, сол себепті Назарбаев Университет те гонконгтік студенттерге қатысты осындай қадам жасауға ниетті. Бірақ, жоспардың жай-жапсары әлі нақтыланған жоқ.
«О'Доннелл университеттегі 4 мың студенттің 14-і ғана шетелдік екенін айтты. 2020 жылға қарай университет халықаралық студенттер санын ЖОО студенттерінің 20% дейін жеткізуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті SCMP. Басылымның хабарлауынша, Назарбаев Университеттің акдемиялық істер бойынша вице-провосты Гонконгты қазақстандық студенттерді тарту арқылы пайда табуға шақырды. «Бізде адами капитал бар деген ойдамыз және Гонконг үкіметі де мұны жақсы біледі», - деді О'Доннелл.
SCMP 2016 жылдың маусым айында Гонконг Білім беру бюросының «Бір белдеу - бір жол» ауқымындағы елдерден келген 100 студентке білім грантын бөлу үшін 1 миллиард гонконг доллары бар қор құру туралы жоспар құрғанын еске алды.