12 шіл, 2021 сағат 18:30

20-39 жастағы алматылықтар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейген


Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, бүгінде 20-39 жас аралғындағы азаматтар алаңдатып отыр. 

«Бізді алаңдатып отырған бір контингент бар - 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында науқастар көп тіркеліп жатыр. Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, карантин талаптарының бұзылуы. 20-39 жас аралығындағы жастар аурулар санының 39 пайызын алып отыр. Бұл - бүгінде ең көп көрсеткіш. 40-59 жас аралығындағылар - аурудың 25 пайызын алып отыр. Яғни әрбір төртінші науқас осы контингенттен шығады», - дейді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, ол карантин талаптары күшейтіліп жатқанын тілге тиек етті.