Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен қалалық прокуратурасының мәліметінше, «Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit», «Сәлем Кредит» секілді микроқаржы ұйымдарының басшыларына алаяқтық пен заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
МҚҰ заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азаматқа келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды. Қарыз алушылар төлем кешіктіргені үшін Hava.kz, Koke.kz Tengo.kz платформалары арқылы кепіл шарттарына қол қойып, кейбір қызметтер үшін несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеген.
Микроқаржы ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Есепшоттарына 1,8 млрд теңге, ал несие портфеліне 30 млрд теңге көлемінде шектеу қойылды.
Жалпы құны 225 млн теңге көлеміндегі 2 тұрғын үйі мен BMW X6 және Toyota Tundra көліктеріне де тыйым салынды.