Қала аутизм спектрінің бұзылыстары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық бастамаға қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Көгілдір түс – түсіністік, үміт және инклюзияның символы. Дәл осы түспен кеш бойы елорданың маңызды нысандары жарықтандырылды:
⏺ "Бәйтерек" монументі 21:00-ден түн жарымына дейін көгілдір түспен жарқырады – бұл аутизммен өмір сүретін адамдарға қолдау белгісі болды.
⏺ "Ailand" шолу дөңгелегі 20:00-ден 00:00-ге дейін сағат сайын аутизм туралы ақпараттық хабарламалар көрсетті, бұл тақырыпқа назар аудартуға бағытталған.