27 мау, 2024 сағат 16:22

2 784 тонна балық заңсыз ауланған


Фото: ашық дереккөзден

Заңсыз балық аулау еліміздегі өзекті проблемалардың бірі екені белгілі. Осыған орай жыл сайын «Бекіре -2024» акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты балықтардың уылдырық шашатын жерлерге кедергісіз көшуі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Биылғы жылы шара 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында өткізілген екен. «Бекіре-2024» акциясы барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 945 жағдайы анықталыпты.

"Барлық экологиялық құқық бұзушылықтар және қылмыстар адаммның қолымен жасалады. Сол себепті ортақ үйіміз, табиғатқа жанашырлықпен қарап азаматтық белсенділікті танытуға шақырамын. Браконьерлікпен бүгінгі табылған пайда ертен балаларымызға кесірін тігізеді. Егер құқық бұзушылық куәгері болсаңыз жедел шара қолдану үшін көпке ұзатпай уәкілетті органдарға ақпаратты жолдауыңызды сұраймын", -дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалары жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов.


Акция барысында Атырау облысының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандары, Дамба бағыты, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Каспий шегіндегі Жайық өзенінің акваториялары сияқты сияқты ең криминогенді учаскелер пысықталды, -деп отыр мамандар. 

Акцияға мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, полиция, департаментінің көліктік бақылау инспекциясы және резерват қызметкерлері қатысыпты.

Дерек бойынша, 2024 жылғы уылдырық шашу кезеңі басталғаннан бері бақылаудағы су айдындарында Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекциялары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 848 хаттама жасады, оның ішінде 134материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 383-бап 3,4-бап және 389-бап 1,2-бап бойынша сот органдарына жіберілді.

Балық аулау ережелерін өрескел бұзуға жол бергені үшін құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау үшін 5 жеке тұлғаға қатысты 3 материал жіберілді.

Бұзушылардан мемлекет кірісіне 2 784 тонна заңсыз ауланған балық, 286 аулау құралы, сондай-ақ 16 жүзу құралы тәркіленді.

14 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Балық ресурстарына келтірілген залал үшін 4,1 млн. теңге сомасына талап қойылды.