Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабар түскеннен кейін 4 минут ішінде оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде жалын үйдің шатырына таралып кеткен еді. Кеш хабарлану салдарынан өрт үлкен аумақты қамтыды, деп хабарлайды Ult.kz.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Барлығы 180 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, 4 газ баллоны далаға шығарылды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, оқиға орнынан 1 шақырым қашықтықта мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды.
Қабылданған шаралардың арқасында жалынның бесінші қабаттағы пәтерлерге таралуына жол берілмей, өрт 750 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
- ВКонтакте
- Telegram
- Viber
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- СілтеРСВВВВВВВВВР В Р’Вµ