10 қаң, 2021 сағат 07:38

18 жасқа толған маңғыстаулық алғаш рет өз таңдауын жасады

Маңғыстау облымының Құрық ауылындағы №147 сайлау учаскесіне 18 жасқа толған Ербол Жақсылық өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ербол Жақсылық қазіргі таңда Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетінің І курс студенті.

Еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтын бозбалаға дауыс бергеннен кейін сыйлық табысталды.

«Мен сайлауда алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы елдің болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс беруі керек деп ойлаймын» - деді ол.

Қазіргі таңда Қарақия ауданында 16 сайлау учаскесі және 1 аумақтық учаске жұмыс жасап тұр.

Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған. 

Өңірдегі сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.