27 қаз, 2021 сағат 18:07

18 миллионнан аса қазақстандық халық санағынан өтті


27 қазандағы жағдай бойынша, халық санағынан 18 111 266 адам немесе халықтың 95,2 пайызы өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген - 108,2 пайыз.

"1 тамыздағы жағдай бойынша, мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұратын болса, онлайн санақ пен интервьюерлер сауалнамасының аралық нәтижесі бойынша санақтан өткен респонденттер саны 2 170 715-ке жеткен", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (101,5 пайыз), Алматы (101,4 пайыз), Түркістан (100,7 пайыз) облыстарында және Шымкент қаласында (100,6 пайыз) байқалады.