27 қыр, 2021 сағат 19:38

17 жасар павлодарлық пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды



Швецияның Хальмстад қаласында классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында павлодарлық 17 жасар Александр Иванов қатысып, чемпион атанды. 

Жасөспірімдер арасында 66 келіде сынға түскен ол зілтемірді үш тәсілмен көтеру жарыстарының нәтижесінде 530 келі көтерді. 


Александр зілтемірді желкеге қойып, отырып-тұруда 200 кг, жатып көтеруде 127,5 кг, белдің күшімен көтеруде 202,5 келіні еңсерді. Екі жаттығуда бірінші, бір жаттығуда екінші орынға тұрақтап, жалпы есепте бірінші болды. 

Айта кетейік, классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 3 қазанға дейін жалғасады.