#
#
Сенбі 19/09/2020

17 тамыздан бастап 160 мың алматылық жұмысқа шығады

  • 15.08.2020
  • 0
  • 102

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін Алматы қаласында 160 мың тұрғын жұмыс орнына оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда 17 тамызға дейін Алматы қаласы бойынша тыйым салынған сала қызметкерлерінің саны 250 мыңға жуық адамды құрайды. Оның ішінде білім беру саласынан 90 мың адам жұмысын тоқтатқан болатын. 17 тамыздан бастап 160 мың адам жұмысқа шығады деп күтілуде», – деді Е. Оразалин. 

Сондай-ақ, ол қатаң карантин жағдайында табыссыз қалған қала тұрғындары 42 500 теңге көлемінде өтемақы алғанын айтты. 

Карантин режимінің жеңілдеуіне қарамастан, жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар мен ШОБ субъектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және өз қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау ұсынылды. 

Сонымен қатар, карантин режимінің жеңілдеуіне қарамастан, демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар