11 нау, 2022 сағат 10:07

16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді


Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.