Фото: pexels.com
Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізілетіні және барлығына маска тағу режимі енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Мамандар бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Аралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес биылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады.
Комитеттегілердің айтуынша, маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.
Коронавирус инфекциясының жағдайы бақыланып отыр.
"Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген комитет хабарында.