17 қыр, 2024 сағат 12:08

117 млн теңге: Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі тергеліп жатыр

Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі тергеліп жатыр. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады.

"Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды", - делінген хабарда.


Аталған факт облыс прокуратурасында тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.