© Photo : ИА Pavlodarnews.kz
Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының егде жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді. Бүгін кейуана 106 жасқа толды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерге көшпелі комиссияны үйіне шақыртуға мүмкіндік берілді. Бірақ ғасыр жасаған Қапиза-әжей сайлау учаскесінде дауыс беруді жөн көрген, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Еске салсақ, өңірде 528 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелерде таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс беруге болады. Павлодар облысындағы дауыс берушілердің жартысынан көбі Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша өз таңдауын жасады.