#
#
Сенбі 23/01/2021

1 желтоқсанда елордада қоғамдық көлік тоқтамайды

  • 30.11.2020
  • 0
  • 237

1 желтоқсан күні елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ақпарат City Transportation Systems (CTS) компаниясының Facebook-тегі ресми аккаунтында жарияланды.

«Ертең, 1 желтоқсанда елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктердің жұмысына жұмыс және сенбі күндері рұқсат берілген. Тек демалыс күні ғана тыйым салынған. Тұрғындардан санитарлық нормаларды сақтауды өтінеміз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынған. Жолақысын төлеу қолма-қол ақшасыз жүргізіледі», - делінген компания таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ еске салайық, мейрам күндері елорданың сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істейді. Бұл нысандарға сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат бар. Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда үйлері, сауда, ойын-сауық орталықтары сенбіде сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Жексенбі күні олардың жұмыс істеуіне тыйым сақталады. Келушілер маска тағуы, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, термометриядан өтіп, антисептиктер мен санитайзер қолдануға міндетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар