05 қыр, 2024 сағат 12:05

1 млрд теңгенің залалы: Ақтөбеде шаруа қожалықтары жалған құжаттармен несие алған

Фото: Pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.

Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді", - делінген хабарда.