01 мау, 2023 сағат 19:29

1 МАУСЫМ МЕРЕКЕСІ – ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА


Мемлекеттік қуыршақ театры 3-28 мамыр күндері аралығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға арналған, бүлдіршіндердің шығармашылыққа, бейнелеу өнеріне, сонымен қатар қуыршақ театрына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған «Мен бақытты баламын» тақырыбында онлайн форматта көркем сурет байқауын ұйымдастырды. Аталмыш байқауға Алматы қаласы ғана емес, өзге де өңірлердің мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін орта мектепттерден жүзге жуық үміткер сайысқа түсті. Театрдың көркемдік мүшелерінен құрылған арнайы сарапшылар шешімімен байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі, тақырыпты ашуы, сурет салу техникасы, суретшілік қабілеті жан-жақты талқыланып, жеңімпаздар анықталды.



Нәтижесінде сарапшылар ұйғарымымен І дәрежелі дипломға Алматы қаласы №207 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушы Бақберген Үміт, ІІ дәрежелі дипломға Алматы қаласы С.Сейфуллин атындағы №2 мектептің 3 сынып оқушысы Әуезбай Қуаныш, «Балдырған» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушісі Серікбол Ислам, ІІІ дәрежелі дипломға Алматы қаласы №109 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Қанатбекқызы Ақерке, Алматы №57 мектептің 4 сынып оқушысы Нестеркина Ульяна, Алматы Оқушылар сарайының шәкірті Талғатқызы Тоғжан лайықты деп танылды.


Сонымен қатар, ерекше қабілеттерімен көзге түскен қатысушылар Асанова Айзере, Ерпан Умар, Қадырбай Балжан, Қанапиянова Жансая, Токобаева Гулбарчын, Капас Айлин, Мұхтар Райяна, Әмзе Жания, Серікбай Дияр, Нұрымбетова Дания, Токобаев Нұрислам ынталандыру жүлделеріне ие болды.


Мерекеге орай, Медеу аудандық «Бақытты отбасы», «МИР», «Биік белеске бағыт», «Аяулы халық», «Жанұя» қоғамдық орталықтарының әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылары балаларына, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларына «Бақытты балалық шақ» ойын-сауық бағдарламасы және «Есте сақта, балақай!» ақпараттық-танымдық қойылымы қайрымдылық негізде ұсынылды.

Жеңімпаздарға театр әкімшілігі атынан арнайы дипломдар, естелік сыйлықтармен қатар, театрымыздың қазыналы қойылымдарына, Қазақ Мемлекеттік Циркі, Алматы Хайуанаттар бағы сонымен қатар, «Жас қанат» жас орындаушылар гала-концертіне тегін жолдамалар, «Dizzy» компаниясының «Riksamin C Vitamin» сусындары табысталды.

 

 

Мадина ТӨЛЕ