30 қаз, 2020 сағат 15:35

1 қарашада елордада қоғамдық көлік жүрмейді

1 қарашада, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «City Transportation Systems» ЖШС-ға сілтеме жасап.

«Еске саламыз, 1 қарашада, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордадағы қоғамдық көлік жүрмейді.⠀ 

Дүйсенбі, 2 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар өз жолаушыларын әдеттегі кесте бойынша күтеді. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. 

Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген компанияның Instagram парақшасына сілтеме жасап.